Білім туралы заң » Алажиде орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Алажиде негізгі орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » Білім туралы заң
18
April
2022

Білім туралы заң

1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама.
1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы.
2. Білім беруді ұйымдастыру жүйесі.
1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:
1. ҚР азаматтары білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интеллектуальдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қолжетерлік болуы.
3. Білімнің зайырлылығы.
4. Жеке тұлғаның білімнің және дарынының дамуына жағдай жасау.
5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.
7. Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.
8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.
9. Білімнің ғылыммен, өңдіріспен байланысы.
10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
11. Білім беру саласының информатикаландырылуы.
2. Білім берудегі менеджменттің заманауи тәсілдері
БАҒДАРЛАМА МАҚСАТЫ
Білім беру саласында стратегиялық тұрғыдан ойлай алатын, басқарудың заманауи технологиялары мен құралдарын меңгерген жаңа буынның менеджер-практиктерін дайындау.

БАҒДАРЛАМА МІНДЕТТЕРІ
Тыңдаушылардың бойына кәсіби және басқарушылық құзыретін қалыптастыру, сонымен қатар тиімді ойлау мен оңтайлы шешім қабылдау дағдыларын оқыту.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
• Сапалы білім, білім беру менеджерлерді дайындаудың заманауи әдістемесі негізінде;
• Жоғары білікті оқытушылар құрамы;
• Оқытудың ыңғайлы форматы: өндірістен қол үзбей оқыту, аймақтарда өткізілетін модульдер;
• Жаңа іскерлік қарым-қатынас және таныстық;
• Тұрақты баға;
• Корпоративтік жеңілдіктер қарастырылған.

ҚАТЫСУШЫЛАР САНАТЫ
• Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінің жетекшілері;
• Аймақтық органдардағы білім басқармасы бөлімшелерінің жетекшілері;
• Әлеуметтік-білім беру жобаларының жетекшілері мен құрастырушылары.
3. Білім беру саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасы
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
4.Білім беру ұйымын басқарудағы инновациялар
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің алдында тұрған келелі мәселе-білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне еш талас жоқ. Білім ордасы-мектеп, ал мектептің жаны- мұғалім.
Тәуелсіз Қазақстанды әлемге паш ететін –ғылымы мен білімі. «мектеп-әлеуметтік мәселенің ең өзектісі»- деп Елбасымыз Н.Ә Назарбаев Үкіметпен жұртшылық назарын жалпы білім беретін мектептің жүйесіндегі инновацияның алар орнының маңыздылығы соншалық, біілім сапасына әсер ететінін тілге тиек етеді. Мектепті дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа әдістер қажет. Заман талабы- жаңа көзқарас қажеттілігінен туындайды.Инновацияны ендіру-білім сапасын арттырудың нағыз жолы. Білім беру жүйесіндегі инновация дегеніміз- оқу-тәрбие үдерісін жүйелі түрде жобалауға , ұйымдастыруға мүмкіндік беретін білім алушы мен оқытушыға тиімді жағдайды қамтамасыз ететін прогрессивті, жаңа педагогикалық енгізулер.
Түркі жұртының мұраты-Мәңгілік Ел Түркі кемеңгері Тоныкөктің ұрпақтарға қалдырған өсиеттерін ой елегінен өткізе отырып, патриотизм-Отанға деген сүйіспеншілікті, мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді деп қазақ батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай ел игілігі үшін, ел ертеңі үшін жұмыс жасауға ниеттеу деген сөз.«Инновациялық білім- жаңа білімге және инновациялық динамикаға негізделген білім» деген. Бұдан 2 ерекшелікті байқауға болады. Жаңашылдық және процессшілдік.
Инновациялық білім берудің 3 мақсатын айрықша атауға болады.
1. Тұлғаның интеллектуалды-тұлғалық және рухани дамуын жоғары деңгейге жеткізу;
2. Тұлғаның ғылыми зерттеулермен айналысу бейімділігін қалыптастыру және соған сай ойлау қабілетін арттыру;
3. Әлеметтік –экономикалық саяси және кәсіби бағыттағы жаңашылдықтар әдістемесімен қамтамасыз ету;
Инновациялық әрекет- бұл жаңашылдықты ендіру, қабылдау және қолдану процесі.
Мектептің даму жоспарын құруда мынадай проблемалық міндеттерді басшылыққа алдық:
1. Негізгі мақсатты анықтау;
2. Оқушы талаптарын қанағаттандыру;
3. Жетістікке жету жолдарын іздеу;
4. Білім сапасын көтеру;
5. Маман біліктілігін дамыту;
6. Көрсеткішті талдау және бағалау;
7. Мәңгілік Ел-елдің біріктіруші күші, әрі көзі екенін түсіндіру.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қабілетіне қарай зерттеу жұмыстарын жүргізу жолдары:
1. Жалпылама емес, тиянақты кәсіби-мамандандыру бағытына сай білім беру;
2. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
3. Informationты технологиялық әдістерді пайдалануға жол ащу;
4. Білім мен ғылым саласы арасындағы байланысты тең дәрежеде ұстау;
5. Мұғалім білімінің жоғары деңгейде болуы;
5.Табысты білім беру ұйымының, табысты басшының, табысты білім алушылар /тәрбиеленушілердің, табысты педагогтың өлшемшарттары
Мектеп-барлық рухани өркениеттің ошағы. Мектеп-жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, адамның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын ошақ болуы қажет. Бұл үйлесімді өмір мектебі. Мектептің басты міндеті ең алдымен, нағыз адамды тәрбиелеп шығу. Шығыстың бір ғұламасы: “Ғалым болу оңай, адам болу қиын” – деген екен. Өсіп келе жатқан ұрпақ-адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде үздіксіз даму үрдісі жүретіні хақ.
Бүгінгі жаһандану заманында білім беру ісіне, мұғалімге, жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңа көзқарастар пайда болды. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр.
Жүрегі таза, пәк, шынайылық пен ізгіліктің нұры шамшырақтай жанған, жаутаңдаған жанарлары тұңғиық сырға толы кішкентай, бірақ үлкен жүректі жандардың қасынан үнемі табылатын ұстаздар емес пе? Ахмет Байтұрсынов былай деген екен: «Мұғалім қандай болса, мектеп hәм сондай-ақ болмақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика – методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Осы орайда мұғалімге қойылатын талаптар да өте зор. Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет; мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс; мұғалім – білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны баулуға міндетті; мұғалім педагогикалық қарым –қатынаста қызмет ететін тұлға болу керек; педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті немесе француз педагогі Жубер айтқандай «Оқыту деген екі есе оқу», - деп терең ой тастап отыр.
Оқу мен оқытудың жүйелі жүргізілуін бақылау-мектеп басшысының үлкен абыройлы жұмысы. Сол білім берудің тиімділігі жоғары жүйелерінде басшылар оқытуды жақсарту, мұғалімдерді ынталандыру және кәсіби дамыту мәселелеріне басты назар аударады. Олардың жұмысы оқу үрдісіне басшылық жасауға бағытталған.
Өмір игілігін білуге үйрететін-тәжірибе. Басшының өмірлік тәжірибесі мол, кез келген ортада өзінің білгір ісін көрсетіп, алғырлығы мен біліктілігіне өзгенің сенімінін ұялата алатын тұлға. Методика-адам сияқты уақытпен жарыса дамып, өсіп жетіліп, керекті жерден орнын табады. Біз «жаңа методика, жаңа методика» деп жүріп. ғасыр жасаған жақсы методикалардан айырылып қалMayық, ескісіз жаңа болMayтынын да ескерген дұрыс па деймін?- деген сөздерге зер салып, мектебінің болашағын алыстан ойлайтын басшы.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат, шын бақытын тапса адам-деп ақын жырлап өткендей, шынымен де, мен үшін «бақыт» деген тармағы кең ұғымның бір шеті осы басшылық қызметтің ұжыммен бірлесе еңбек етуінде ұштасып жатыр.
Басшы – ұжымға өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам және жаңашыл педагог мамандарды тәрбиелеуші, өз уақытын аяMay, өзгенің бақытын аялаушы.
6.Қазақстандық білім берудегі халықаралық зерттеулердің рөлі
Елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға зор мүмкіндіктер бар. Функционалдық сауаттылық - бұл, білім мен адамның көпжоспарлы іс-әрекеті арасындағы біріккен, жеке тұлғалық қалыптасуының көрсеткіші. Өсіп келе жатқан ұрпақтарының ой-өрісін дамыту мақсатын алға қойған Қазақстан 30 дамыған елдердің қатарына қосылмақ. Осы тұста, оқушылардың білім сапасына ауқымды бағалау мен талдау жүргізетін халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысу нәтижелерін негізге ала отырып қарастырайық.
1.Еліміздің халықаралық зерттеулерге қатысуы не береді?
2.Білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформалауға;
3.Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігімен бірігуіне;
4.Білім беру мазмұнын жаңартуға, білім беру сапасын бақылаудың қазақстандық жүйесін құруға;
5.Ұлттық кадрлардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
7.Білім беру ұйымындағы ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жүйесі.
"Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 ақпанда № 13105 болып тіркелді
• Мәтін
• Ресми жарияланым
• Information
• Өзгерістер тарихы
• Сілтемелер
• Көшіру
• Басқа
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Оқу әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 13 желтоқсанда № 5036 болып тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпандағы «Заң газетінің» № 16 (1416). Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2008 жылғы 27 наурыз № 1 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын, жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: әдіскер - оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды орындаушы білім беру ұйымының педагогикалық қызметкері (жоғары оқу орындарынан басқа);
әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес - білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын алқалық басқару нысаны;
әдістемелік кабинет - ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық ететін білім беру ұйымның, облыстық (қалалық) білім департаментінің құрылымдық бөлімшесі;
білім беру ұйымы оқу (оқу-әдістемелік) жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары - білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын тікелей басқаратын басшының лауазымы;
ғылыми әдістемелік жұмыс - педагогтардың кәсіптік құзыретін арттыру және білім беру процесінің инновациялық проблемаларын шешу арқылы білім сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтардың және құрылымдық бөлімшелердің бірлескен қызметінің көп деңгейлі, көп функциялы жүйесі;
оқу-әдістемелік басқарма (орталық, кафедра, бөлім, кабинет) - білім беру ұйымында оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше;
оқу-әдістемелік бірлестіктер - әр түрлі деңгейдегі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу үшін салалық (мамандық топтары, пәндер) белгісі бойынша білім беру үдерісі субъектілерінің бірігуі;
оқу-әдістемелік бірлестіктер - әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу үшін салалық (мамандық топтары, пәндер) белгісі бойынша білім беру процесі субъектілерінің бірігуі;
оқу-әдістемелік жұмыс - білім беру үдерісін оқытушылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының қызметі.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:
1) нормативтік құқықтық құжаттарды, білім беруді басқару органдарының ұсынымдамаларын, оқу-бағдарламалық құжаттарды жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу;
2) жаңа оқу бағдарламалардың зерделеуін ұйымдастыру және оларды оқу үдерісіне енгізу туралы ұсыныстар беру;
3) еңбек нарығының талаптарын ескере отырып оқу бағдарламаларына және стандарттарға өзгерту енгізу туралы ұсыныстар енгізу;
4) ағымдық, аралық бақылаудың қорытындыларын талқылау; оқушылардың білімнің, іскерлігінің дағдысының сапасын талдау және нәтижелерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
5) педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, еңбек жолын жаңа бастаған педагогикалық қызметкерлер мен өндірістік оқыту шеберлеріне оқу сабақтарын өткізу, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік материалдар әзірлеу және оқудан тыс іс-шаралар өткізу;
6) сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау; ғылым және техника жетістіктерін, оқу-тәрбие жұмысындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені және оқытудың жаңа технологияларын зерттеу, іріктеу және практикаға енгізу;
7) мамандықтар мен кәсіптер бойынша кәсіптік шебершілік конкурстарын тақырыптық және ғылыми семинарлар, конференциялар және ғылыми-әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
8) педагогикалық, ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге, рефераттарға, әдістемелік әзірлемелер мен құралдарға, оқытудың техникалық құралдары және электрондық-есептеу техникасына шолу жасауды ұйымдастыру;
9) ынтымақтастық педагогикасы, өзін-өзі басқару жөніндегі жұмыстарды жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісін жақсаруына және еңбекті ұйымдастыру, өзара тексеру және өзара көмектің тиімді нысандарын кеңінен қолдануға білім алушыларды тарту.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгінің берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:
1) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мен білім беруді ақпараттандыруды қорыту және тарату жөніндегі іс-шараларды өткізу;
2) арналған оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың білім алушылардың ағымдық үлгеріміне әсерін талдау;
3) білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;
4) білім алушылардың контингентін, олардың бейінін, дайындық деңгейін және мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын қалыптастыру жұмысты әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;
5) білім беру процесін оқу әдебиеттерімен және ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен қамсыздандыру мониторингін жүзеге асыру;
6) білім беру үдерісін келешектегі демографиялық, экономикалық және салалық ахуалды ескере отырып, өңірлер бойынша және жалпы ел бойынша жоспарлауды ұйымдастыру;
7) оқытудың жаңа технологиялары бойынша, оның ішінде кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу;
8) ғылыми жобаларды, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу және конкурстарға қатысу, олардың нәтижелерін өндіріске, оқу процесіне енгізу;
9) даярлаудың қолда бар және болашағы бар бағыттары бойынша мамандарға қажеттілікті болжау үшін деректер базасын құру мақсатында маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру;
10) дидактикалық-әдістемелік, оқу материалдық оқыту құралдарын әзірлеу және енгізу;
11) диссертациялардың, монографиялардың, ғылыми мақалалардың, ғылыми-әдістемелік әзірлемелердің, жобалардың сараптамасын жасау;
12) білім беру процесін оқу әдебиеттерімен және ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен қамсыздандыру мониторингін жүзеге асыру;
13) мәндес мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын бірыңғайландыру жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
14) нормативтік құқықтық құжаттарды, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім мамандықтарының жіктеуішін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
15) оқу үдерісіне қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, дидактикалық материалдарды, және оқытудың автоматтандырылған жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық кітапханалық жүйелерін енгізу;
16) оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, типтік оқу бағдарламасының жобаларын дайындауға қатысу;
17) оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын ескере отырып сараптау;
18) оқулықтар, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік, оның ішінде электрондық тасымалдағыш құралдарын және дидактикалық материалдарды әзірлеу;
19) оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу;
20) оқыту сапасын, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін талдау;
21) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша тақырыптық ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарларды, конференцияларды, вебинарларды, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
22) студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми-әдістемелік жұмысының мазмұны мен нысандарын ұйымдастыру, үйлестіру, талдау;
23) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша тақырыптық ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарларды, конференцияларды, вебинарларды, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
24) ғылыми жобаларды, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу және конкурстарға қатысу, олардың нәтижелерін өндіріске, оқу процесіне енгізу;
25) мамандықтар бойынша магистранттарды, философия докторларын даярлауды ұйымдастыру және іске асыру;
26) диссертациялардың, монографиялардың, ғылыми мақалалардың, ғылыми-әдістемелік әзірлемелердің, жобалардың сараптамасын жасау.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу процесін, білім беру бағдарламаларын іске асыратын, үйлестіретін барлық құрылымдық бөлімшелерде (әдістемелік бірлестіктерде, әдістемелік пәндік және циклдік комиссияларда, кафедраларда, бөлімдерде, факультеттерде, институттарда), әдістемелік жұмыс қызметтің негізгі түрі болып табылатын ұйымдарда (республикалық, облыстық, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттерде), оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерде (оқу-әдістемелік бөлімдерде, басқармаларда, орталықтарда, кабинеттерде) жүзеге асырылады.»;
33-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мамандар даярлауда сапа мониторингін ұйымдастыру, берілген білім беру бағдарламаларында ақпараттық банк құру.».
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және атқару үшін оқу-әдістемелік секциялар құрылады.».
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ministry of Education and Scienceнің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ministry of Education and Scienceнің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8.Жаңартылған білім беру мазмұнын еңгізу ерекшеліктері
1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.
2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі
4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру
6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)
9. Administration пен Board of Trusteesтің өзара әрекеттесу жүйесі.

















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив