ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты » Алажиде орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Алажиде негізгі орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты
10
декабрь
2020

ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты

ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты - азаматтық қорғау саласында білікті мамандарды дайындайтын елдегі жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Күндізгі оқу факультетіне 25 жастан аспаған, оқу жылының басында 17 жасқа толған, орта, техникалық, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледждер), денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (ТКТ) нәтижелері бойынша берілген сертификат баллдарына сәйкес конкурстық негізде қабылданады. Институтқа оқуға түсу үшін келген жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жол жүру шығындары төленеді, сондай-ақ конкурстан өту кезеңінде сарбаздар үлесінің нормалары шегінде тамақпен қамтамасыз етіледі. Институт түлектері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінде жауапты қызметтер атқарады.Көкшетау техникалық институты"Өрт қауіпсіздігі", "Төтенше жағдайларда Қорғау", "Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері" мамандықтары бойынша жоғары білікті мамандарды даярлайды.Оқуды аяқтағаннан кейін күндізгі оқу нысанының түлектеріне әскери іс және қауіпсіздік бакалаврының академиялық дәрежесі беріледі және "азаматтық қорғау лейтенанты"арнаулы атағы беріледі. Институтты бітіргеннен кейін түлектерге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінде жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі.Оқу пәндерін оқыту екі тілде – мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.Институттың материалдық базасы мен профессорлық-оқытушылық құрамы курсанттарға жоғары білім алуға және жақсы жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.Институтта спорттың көптеген түрлері бойынша секциялық жұмыстар жүргізіледі: өрт сөндіру-құтқару спорты, волейбол, баскетбол, гір көтеру және қоян-қолтық спорт. Бұл жұмыстың нәтижесі халықаралық және республикалық жарыстардағы жоғары спорттық жетістіктер болып табылады. Құрметті түлектер, Ұлт Көшбасшысы атап өткендей: "ел болашағы жастардың қолында! Дұрыс таңдау жасаңыз!».

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив