"Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні"
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай 1-3 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілді. Мақсаты: Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.